
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, бюджет саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, Абай облысының тұрғындарымен ашық диалог құрды.
Кездесу барысында Дәурен Темірбеков:
- ҚР жаңа Бюджет кодексінің әзірлеудегі негізгі бағыттар туралы;
- Абай облысының Халық қатысатын бюджетті іске асыру және «Ұлттық қор- балаларға» жобасы жөнінде баяндама жасады.
Бұдан басқа, 2024 жылы республикалық бюджеттен Абай облысын дамытуға бөлінген қаражат айтылды.
Жергілікті халық өздерін толғандырған өзекті мәселелерін ортаға салып, вице-министрге өз ұсыныстарын жеткізді.