
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленгенін хабарлайды.
Бұйрықтың осы жобасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделеді:
ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде (ерікті түрде) тауар кодтарын (GTIN немесе басқалар) қолдану;
2025 жылғы 1 қантардан бастап ЕАЭО шеңберінде туарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағын» міндетті түрде көрсету (көрсетілген мерзімге дейін еректі түрде);
2024 жылғы 1 қазаннан бастап сұйытылған мұнай газды сату кезінде ТІЖ-ды міндетті турде рәсімдеу;
ТІЖ бланкісін оңтайландыру (29 бағанға қысқартылды).
Сондай-ақ, бұйрықтың осы жобасымен құқық қолдану практикасын ескере отырып, нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.
Жоба 2024 жылғы 25 маусымда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15100194) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 10 шілдеге дейін.
Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.