
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері бойынша өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімдерін өндіруге арналған технологиялық жабдықта алкогольсіз сусындар өндіруге мүмкіндік беру, сондай-ақ қоймаларда алкогольді және алкогольсіз өнімдерді бірге сақтау бөлігінде іске асыру болып табылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 маусымда № 34470 мемлекеттік тіркеуден өтті.