
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты енгізіледі.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Мемлекет Басшысының азаматтар мен бизнестің неғұрлым сұранысқа ие өмірлік және іскерлік жағдайларын қоса отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастыру тәсілін қайта қарау туралы тапсырмасын орындауды іске асыру, оларды кеден және салық бағыттарында 31 мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реинжиниринг пен автоматтандыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Осы бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 12.06.2024 жылы орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15087243). Бұйрық жобасын қоғамдық талқылаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 26 маусым.