
Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 167-бабының редакциясына сәйкес келтіру, атап айтқанда Кодекстің 167-бабының 6) тармақшасын алып тастау мақсатында әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 3 маусымда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15074954 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 18 маусымға дейін.