
Кездесу барысында Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты тауар айналымы
2023 жылдың қортындысы бойынша 30% өсіп, 31,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл ретте, сауда қатынастарының қолда бар әлеуеті инвестициялық әлеуетті кеңейту перспективаларын көрсетеді.
Кездесу соңында Қаржы министрі «Қазақстан Қытаймен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын» - деп атап өтті.