
Оның шеңберінде навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, белігленген тауарлар санатын тасымалдауды (тасуды) қадағалау жүзеге асырылатын, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау кезінде тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылды (ақпараттықты қоса алғанда) жүзеге асыру тәртібін бекіту, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 24 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15066607).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 7 маусымға дейін.