
Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.
Жобаны әзірлеу темекі өнімдеріне қатысты өлшенген салық және баға саясатын жүзеге асыру, темекі мен темекі шегудің таралуы мен қолданылуын қысқартуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу үшін.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Іске асырудың мақсаты фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын ылғайту.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 27 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15067957.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 10 маусымға дейін.