««Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдалана отырып, жеке тұлғалар сатып алған, жеке пайдалануға арналған және ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтімдерінде немесе жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы әкелетін  тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау бойынша пилоттық жоба (эксперимент) туралы 2020 жылғы 9 қазандағы № 16 тапсырмасын орындау шеңберінде ««Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрығы жобасы әзірленді.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіннің аумағында сыртқы электрондық сауда саласында пилотты (эксперимент) өткізу, сондай-ақ жеке тұлғалар сатып алған, электрондық сауда тауарларына арналған кедендік декларациялардың пилоттық (эксперимент) жобасы шеңберінде танылатын өзге де электрондық құжатты толтыру бөлігінде Бұйрықты өзектендіру, Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсатында болып табылады.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 29 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15071097).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 12 маусымға дейін.