Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы 2024 жылдың 6 маусымға дейінгі мерзіммен «Ашық НҚА» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15065171) жария талқылау үшін орналастырылды.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру.