«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарын «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 780 қаулысына сәйкестендіру шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына байланысты Қазақстан Республикасы астанасының атауы өзгеруіне, сондай-ақ «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының күші жойылуына байланысты қаралған нормативті құқықтық актілердің кейбір тармақтарын қалпына келтіру Жобаның мақсаттары болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 20 мамырда ашық нормативтік
құқықтық актілердің интернет-порталында  (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15060854) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
3 маусымға дейін.