«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-36) тармақшасына сәйкес әзірленді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекітеді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты кейбір ақпарат көздерінің ескіруіне және бағаның ағымдағы нарықтық жағдайында көрсетілетін жаңа ақпарат көздерінің анықталуына байланысты Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін өзектендіру болып табылады.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 15 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15046544.

Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 29 мамырына дейін.