
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы
Құрметті Үкімет Мүшелері
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау-алды бағдарламасында жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика мөлшерін 2016 жылы 29%-тен 2019 жылы 25%-ке дейін төмендету туралы міндет қойылды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жалпы ішкі өнімге шаққанда көлеңкелі экономика үлесін 2025 жылға 20%-ке дейін төмендету индикаторы көзделген.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, оны жүзеге асыруда.
Жоспардың негізгі бағыттары:
- Салықтық және кедендік әкімші-лен-діру-ді цифрландыру;
- қолма-қол ақшасыз есеп айыры-суды дамыту;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жасау;
- заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Жоспарда қабылданған шараларға сәйкес өткен жылы көлеңкелі экономиканы жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,62%-ке дейін төмендетуге қол жеткізілді.
«Нұр Отан» партиясының cайлау-алды бағдарламасында қойылған міндет мерзімінен бұрын орындалды.
Ең жоғары төмендеу «Саудада» байқалады, 10,7% Жалпы алғанда салалар бойынша көлеңкелі экономиканың жалпы үлесінен оның деңгейі: «Көлік және қоймалау» – 17%, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» – 9,7%, «Құрылыс» – 8,3%, «Өңдеу өнеркәсібі»- 6,5% құрады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 1,5 трлн.теңге түсті. Түсімдердің негізгі сомасы шамамен 916 млрд.теңге салықтық және кедендік цифрландырудан түскен. Қалған 580 млрд.теңге басқа бағыттарға тиесілі.
Негізгі іс-шаралардың іске асырылуы туралы егжей-тегжейлі баяндауға рұқсат етіңіздер
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілді.
Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер «Электрондық шот-фактуралар» міндетті көшірмесіне ауыс-ты-рыл-ды және бүгінгі күні 433 млн. электрондық шот фактура жазып берген 440 мыңнан астам пайдала-ну-шы тіркелді.
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін пайдаланушы-лар-дан қосымша 290,2 млрд. теңге түсті.
2020 жылда болжам бойынша шамамен қосымша 140 млрд.теңге түсімдерді күтеміз.
Тауарларды таңбалау жүйесі сынақтан өтті. Тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде 2019 жылы кірістер 2 есеге артты 2020 жылы 1 млрд.теңгеге дейін түсім күтілуде.
Бұдан басқа, таңбалау бойынша темекі өнімдері, алкоголь өнімдері, аяқ киім тауарлары, дәрілік заттар және сүт өнімдері сияқты тауарлар тізбесін кеңейту болжанып отыр.
Ағымдағы жылдың басынан бастап онлайн бақылау-касса машиналары міндетті түрде қолданылуы тиіс.
Бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарын пайда-ла-ну-шы-лар-дың жалпы саны 728 мың, оның ішінде онлайн - бақылау-касса машиналарына 710 мың немесе 97,5% көшті.
Бүгінде «Виртуалды қойма» модулінде 5,8 мыңнан астам салық төлеуші жұмыс істейді, олардың есебінен қосымша 243 млрд.теңге түсті.
Қолданыстағы ақпараттық жүйелер базасында Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі қалыптастырылуда.
Ағымдағы жылғы қазан айынан бастап ақпараттық жүйеде тауарларға электрондық ілес-пе жүк-құжат-тар енгізілуде.
Жалпы алғанда, жүйе тауардың бөлшек саудасына дейін жыл-жуы-ның барлық тізбегін қадағалауға мүмкіндік береді.
Жүйе кейін, біз жалған шот-фактуралардың көшірмесін тоқтатамыз.
Бұдан басқа, «Салықтық әкімшілендіру мақсаттары үшін үшінші тұлғалардың деректер базасы құрылды». 2019 жылы бюджетке қосымша 18,6 млрд.теңге сомасында салық түсті.
Оған қоса, тиімді құралдардың бірі құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды Қазынашылық сүйемелдеу болып табылады.
Осылайша, салық жүктемесінің коэффициенті мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда 2,3 есеге өсті. Қосымша 54,4 млрд. теңге түсті.
Цифрландыру және камералдық бақылауға көшу есебінен салықтық тексерулер өзгертілді. Нәтижесінде олардың саны 29%-ке азайды. Бұл ретте бұзушылықтардың анықталуы 2 есегеа ртты немесе 344,0 млрд.теңге есепке түсті.
Министрліктің негізгі бағыттарының бірі - айналы кедендік статистика бойынша алшақтықты төмендету.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында онлайн режимінде кедендік декларациялармен электрондық алмасу жүргізілуде. Бұл Қазақстанның Қытайдан импорты бойынша алшақтықты 2017 жылы 60%-тен 2019 жылы 48%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 5 айдың қорытындысы бойынша айырмашылық 39%-ке дейін төмендеді. Өткен жылы бюджетке қосымша 236 млрд. теңге түсті .
2018 жылдың аяғында «Тәуекелді басқару» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Тәуекелді басқару жүйесін енгізу қорытындысы бойынша 2019 жылы бюджетке 85 млрд.теңге, 2020 жылдың басынан бастап 34,9 млрд. теңге түсті.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларының бойында үдерістерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ахуалдық орталық құрылды.
2018 жылмен салыстырғанда тауарларды қате декларациялау фактілерінің анықталуы 5,5 есеге артты. Кедендік төлемдер мен салықтар 2,3 млрд.теңгеге өсті.
Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріненимпортқа салықтық әкімшілік ету күшейтілді, сондай-ақ «Экспорттық бақылау» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Нәтижесінде қосымша қосылған құн салығы бойынша 122,0 млрд.теңге түсті.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту шеңберінде келесі шаралар қабылданды:
- Корпоративтік табыс салығы бойынша 1000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер бойынша шегерім-дер-ді растау мақсатында электрондық шот-фактуралар қолдану қарастырылуда;
- салық төлеу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне арналған мобильдік қосымша әзірленуде;
- салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу және Push хабарлама арқылы хабарландыру қызметтері кеңейтіледі.
1000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары көрсеткіштер бойынша қолма-қол ақша ныса-нын-дағы шығыстар сомасын шегерім-дерге жатқызуды шектеу мәселесі қарастырылуда.
Заңнама шеңберінде қылмыстық кірістерді анықтау бойынша қаржы мониторингі рәсімдері өзгертілді. Сондай-ақ,! елдердің қаржылық барлауларымен халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері реттелген.
Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы тек көлеңкелі саладағы қылмыс-тарды анықтауға бағытталды.
2019 жылғы тамыздан бастап Министрлік Бас Прокуратурамен және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен бірлесіп «STOP-обнал» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Нәтижесінде 2018 жылы 52%-тен 2019 жылы 14%-ке дейін қолма-қол ақшаның өсу қарқыны төмендеді.
Жыл басынан бері ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру 31%-ке төмендегені байқалады.
Негізгі кешенді шаралар қазір іске асыру сатысында екенін атап өткім келеді. Қойылған міндеттерге қол жеткізу бойынша барлық мемлекеттік органдардың тиімді және үйлесімді жұмысы қажет.
Осыған байланысты, Жобалық офис базасында салалық сипаттағы шамамен 60 қосымша шара әзірленді. Бұл шаралар экономиканың проблемалық салаларында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша қабылданатын шаралардыкүшейтуге мүмкіндік береді.
Аталған шаралар мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл әкімшілік кедер-гі-лер-ді азайтуға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, іске асырылып жатқан бастамалар елдегі көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз!