Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ««Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл жоба әзірленді:
1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII Заңын іске асыруға, мұнда ҚР Бюджет Кодексінің 52-3-бабының 4), 5) тармақшалары республикалық бюджетке салықтық емес түсімдерді алып тастау бөлігінде 01.01.2022-01.01.2024 жылдар аралығында қолданылады;
2) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 20 қазандағы №24-2-Н нұсқамасының 1.2-тармағын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2024 жылғы 1 шілдеге дейін «Республикалық бюджетке, ....салықтық емес түсімдердің, ...., қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №136 бұйрығына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымынан қосымша, үстеме және жеке бажды бөлу кезінде Қазақстан Республикасының үлесін республикалық бюджетке түсетін түсімдерге өндіріп алуға жауапты етіп бекіту бөлігінде өзгерістер енгізуді тапсырылды;
3) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға, онда 19-баптың 8-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін ақы көзделген.
Осы бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 30 сауірде орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 17 мамырға дейін.