«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 4-тармағына сәйкес «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленген.

Жобаның мақсаты «тұрғын үй құрылысын қаржыландыру» сөздерін «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру» сөздеріне өзгерту бөлігінде Заңға сәйкес келтіру.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 19 сәуірде Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15024115).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 6 мамырға дейін.