Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Осы жоба 2024 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президентінің Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырыс қорытындысы бойынша тапсырмасын іске асру үшін әзірленді, соған сәйкес Үкімет пен әкімдіктердің резервтерін пайдалану тапсырылды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 5 сәуірде орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 10 сәуірге дейін.