
Әсет Нұрланұлы Тұрысов, 10.11.1987 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірген.Әл-Фараби «математикалық және компьютерлік модельдеу». мамандығы бойынша, одан әрі 2017 жылы Нархоз университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған;
2010-2011 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері;
2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы;
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі сарапшысы, бас сарапшысы;
2014 жылы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры.
2014-2017 жылдары — «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеген;
2018 жылғы қаңтар-2021 жылғы қаңтар аралығында "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі.