Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл жоба әзірленді:
- «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 13-тармағын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына сәйкес, осыған орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен клиент арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы қағаз жеткізгіштегі келесім не қосымша келесім 2024 жылғы 30 сәуірден бастап алынып тасталады;
- «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 – бабының 11-1) тармақшасын және «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысын іске асыру шеңберінде, оған сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында астық нарығы жөніндегі оператордың функциялары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ-на жүктелді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 15 наурызда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 3 сәуірге дейін.