
Баспасөз конференция барысында Саудабаев Елдос 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,1 трлн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түскенін хабарлады.
• 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны +78% (2 296,4 млрд.теңге), 2022 жылмен салыстырғанда +18% (3 452,8 млрд. теңгені) құрады.
• 2023 жылы экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда кедендік төлемдер мен салықтар 2 401 млрд. теңге түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны +92% (1 247,5 млрд.теңге), ал 2022 жылмен салыстырғанда +34% (1 792,3 млрд. теңге) құрады.
• Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша –
149,6 млрд. теңге өндірілді.
Сыртқы сауда мәселесі жөнінде үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд. АҚШ долл. құрағанын хабарлады.
• Оның ішінде экспорт 67,6 млрд. АҚШ долл., импорт-43,7 млрд. АҚШ долл.
• ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде экспорт 14,7 млрд. АҚШ долл., импорт - 16,8 млрд. АҚШ долларыБүгінгі таңда ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы барлық автомобиль өткізу пункттерінде (10 өткізу пункті) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі енгізілді және табысты жұмыс істеуде.
• Жүйе «Qoldau.kz» платформада және «Сargoruqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді.
• Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөлік құралдарының нақты жиналуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Трансшекаралық сауда рәсімдерін оңайлату және транзиттік тасымалдарды ұлғайту мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық Азия, Каспий өңірі және Закавказье елдерінің көлік дәліздерін дамыту шеңберінде транзит рәсімдерін оңайлату туралы Тұжырымдама мен Көпжақты келісімнің жобалары әзірленді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Бұл жобалардың негізгі мақсаты өңір елдерінде қағазсыз транзит экожүйесін енгізу болып табылады.
Бірыңғай терезе порталында СЭҚ қатысушысына бірыңғай нүкте арқылы аралас мемлекеттік органдар және ұйымдар (ҚР АШМ, ҚР ДСМ, ҚР ИДМ КТРМ, ҚР ЖПҚ КИР, ҚР ЭБЖМ, сәйкестікті растау жөніндегі органдар) беретін рұқсат құжаттарын электрондық түрде алуға рұқсат берілді.
2023 жылы Бірыңғай терезе порталында рұқсат құжаттарын алуға 240 мыңнан астам өтініш берілді.
«Қызметтерді автоматтандыру СЭҚ қатысушысына қызмет көрсету мерзімдерін 30-дан 5 күнге дейін қысқартып, құжаттарды алуға және кедендік рәсімдеуді жеделдетуге мүмкіндік берді» - деді Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында.