«2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба)
Жоба Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын толыққанды дербес халықаралық ұйымға айналдыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жоба 2024 жылғы 15 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14984172) орналастырылды.
Жобаны жария талқылау мерзімі – 2024 жылғы 3 сәуірге дейін.