
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, салық және кеден саласындағы мәселелерді талқылап, тұрғындармен ашық диалог құрды.
Іс-сапардың тағы бір мақсаты - Түркістан облысындағы «Қазығұрт», «Жібек - Жолы» кеден бекеттерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, Өзбекстанмен шектесетін кеден бекеттерінің екіжақты өзекті мәселелердің шешімін қарастыруға, және кедендік реттеуге бағытталған.
Кездесу барысында Қаржы вице- министрі Ержан Ерікұлы Біржанов, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қаржы министрлігінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жергілікті халық өздерінің толғандырып жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, вице – министрге өз ұсыныстарын жеткізді.
Соңында тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берілді.