«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұл жоба әзірленді:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Қазақстандағы бәсекелестік құқық және саясат» атты екінші сараптамалық шолуы» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 988 қаулысын іске асыру мақсатында, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Қазақстандағы бәсекелестік құқық және саясат «ЭЫДҰ-ның екінші сараптамалық шолуы» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қоюға уәкілетті;
  2. 2020 жылғы 12 тамыздағы «Қазақстан елін орнықты дамыту мақсатында ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламасы» және Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры мен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы арасындағы 2023 жылғы 8 желтоқсандағы бірлесіп қаржыландыру туралы келісімді іске асыру шеңберінде.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 6 наурызда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 26 наурызға дейін.