«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі  № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы  23 қаңтардағы   және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңдарына  сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережені «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келтіру болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 5 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14968010)  орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 20 наурызға дейін.