«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінің 16 тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 138 «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын Заңға сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 1 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14962812) орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 18 наурызға дейін.