«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына  ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 49 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы 2024 – 2026 жылдарға арналған келісімді іске асыру жөніндегі жол картасының
13-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы астанасының атауын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсету және өтеу ережесінің кіріспесін сәйкес келтіру, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» ақционерлі қоғамының есепке алу жүйесіндегі Euroclear тікелей дербес шотында мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді есепке алуды жүргізу мүмкіндігін беру арқылы бейрезиденттердің Қазақстан Республикасының қор нарығындағы бағалы қағаздармен операцияларға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба 2024 жылғы 1 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14961851) орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 18 наурызға дейін.