
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Заңың атқару мақсатында әзірленді.
Салық кодексінің 227-1 бабына сәйкес, Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен бекітілген тәртіппен жеке және заңды тұлғалармен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді интернет-ресурста жариялауға қызмет көрсету туралы мәміле (бұдан әрі – мәміле) жасайды.
Комитет өзінің ресми интернет-желісінде Мәміле жасаған тұлға туралы және оның интернет-желісіне сілтемені жариялайды.
Мәміле жасаған тұлға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей өзіне тиесілі интернет-желісінде құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жариялайды.
Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен өтініш түскен соң екі айдан кешіктірмей толықтырылады.
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнинг пулының, цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында цифрлық активтердің құны цифрлық актив алынған күнге айқындалады.
Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер оларды алған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен айқындалған бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы ашық нормативтік актілер интернет порталында 2024 жылғы 19 ақпан мен 4 наурыз аралығында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14945526).