«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (әрі қарай-Жоба) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңның іске асыру үшін әзірленді, соған сәйкес Бюджет кодексінің 88 бабына Арнаулы мемлекеттік қор шоты, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты бөлігінде толықтыру енгізілді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма қол бақылау шотын алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізілді.
Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 19 ақпанда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 4 наурызға дейін.