Кедендік әкімшілендіру туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді

Кедендік әкімшілендіру туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді

Мемлекеттік кірістер органдары 17 кедендік мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, оның ішінде 16 электрондық форматқа ауыстырылған.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың арқасында еңбек ресурстары оңтайландырылды, қағаз құжат айналымы, көрсетілетін қызметті алушылардың уақыт және қаржылық шығындары қысқартылды, тікелей байланыстар азайтылды және нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайтылды.

Электрондық қызметтерді одан әрі дамыту үшін мемлекеттік кірістер органдарының сервистерін (қызметтерін) бағдарламалық интерфейстеріне оларды енгізе отырып, цифрлық платформалармен банктермен (Kaspi, Halyk bank, Bank centre Credit 39 нысанды салықтық есептер) өзара іс-қимылды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бір терезе порталында СЭҚ қатысушыға аралас мемлекеттік органдар (МО) және ұйымдар (ҚР АШМ, ҚР ДСМ, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті (КТРМ), Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (ҚР ӨҚМ ӨК), Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ҚР ЭТРМ), сәйкестікті растау жөніндегі органдар) беретін рұқсат құжаттарды электрондық түрде бір нүкте арқылы алу үшін рұқсат берілді.

2023 жыл ішінде Бір терезе порталында 240 мыңнан астам рұқсат құжаттары берілді.

Қызметтерді автоматтандыру СЭҚҚ-ға шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастауға, кедендік және рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдетуге және қағаз жеткізгіштегі құжаттардың күшін жоюға, көрсетілетін қызметті берушілермен байланыстарды болдырмауға, қызмет көрсету мерзімдерін 30-дан 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Теміржол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл Қытай – Орталық Азия және Қытай-Еуропа бағыттары бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын жүктер үшін транзиттік декларацияларды автоматты түрде беру және шығаруды өзіне қамтиды.

Пилот ашықтыққа, кедендік рәсімдерді жеделдетуге және жеңілдетуге, сондай-ақ транзиттік маршруттар арқылы пойыздардың жүру процесін оңтайландыруға және жақсартуға бағытталған.

Осылайша, Мемлекеттің транзиттік әлеуеті артып және Қазақстанды Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі өз ұстанымдарын күшейтуге жақындатады.

Электрондық кезек жүйесін құру мен енгізудің мақсаты -шекараларда тауарлар мен көліктерді өткізудің ашықтығын ретке келтіру және қамтамасыз ету, бизнес үшін барынша ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасау.

Анықтама: жүргізушілерге Qoldau.kz порталда тіркелу жолымен немесе «CargoRuqsat» (IOS және Android қол жетімді)  мобильді қосымшасы арқылы кезекті брондау бойынша сервис ұсынылды.

Жүйе ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген. Сонымен, жария статистика, брондаудың жария тізілімі, жария онлайн табло, сондай-ақ жария құқықтық база іске асырылды.

Жүйе ЕАЭО-ның барлық сыртқы шекарасында жұмыс істейді («Нұр жолы», «Қалжат», «Бақты», «Майкапшағай», «Алакөл», «Тәжен», «Темір баба», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» және «Қазығұрт»). Ресеймен шекарада (БӨП: «Бидайық», «Қарашатау», «Жаркент», «Ақсай», «Убе») Жүйені көбейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны іске асыру мерзімдерін ұзарту мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, елдің транзиттік әлеуетін дамыту және іргелес елдермен тауар айналымын ұлғайту мақсатында, Үкімет Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртуды бастады.

Анықтама: жаңғырту шеңберінде 9 автомобиль өткізу пункті қамтылды, оның ішінде: ҚХР-мен 5 («Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бақты, «Достық-теміржол»), ӨзР-мен 4 («Қапланбек», «Қазығұрт», «Атамекен», «Тәжен»), 1 ТР-мен («Темір-баба») және Астана қаласындағы БДО тауарлардың өткізу пункттері арқылы өтуін бақылауды бір жерде біріктіреді.

Жаңғырту заманауи талаптарға сәйкес келмейтін ескі инфрақұрылымды бұза отырып, жаңа өткізу пункттерінің құрылысын салуды өзіне қамтиды.

Анықтама: қазіргі күндерде «Нұр Жолы» (2018ж.) (іргелес «Қорғас» ҚХР), «Б. Қонысбаев» атындағы (2020ж.) (іргелес «Яллама» ӨзР) өткізу пункттері жүргізілген жаңғыртудан кейін толық қуатта жұмыс істейді және екі тарапқа тәулігіне 1 мыңнан астам АКҚ өткізеді.

Мысалы, жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде мүлдем жаңа жерде оның аумағы едәуір кеңейтіле отырып «Алакөл» автомобиль өткізу пункті салынуда.

2023 жылғы шілдеде «Достық-теміржол» инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілді.

Анықтама: қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері олар жабылмай жұмыс жасауда. Өткізіліп жатқан жаңғыртуға қарамастан, «Қазығұрт», «Атамекен», «Тәжен» өткізу пункттері де жабылмай жұмыс істеуде

Жаңғыртумен қатар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (таразылар, ИТК, шлагбаумдар және т. б.) цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде Бас диспетчерлік басқармада кеден бекеттерін орталықтандырылған бақылау жоспарлануда.

Жаңғырту өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, шекарадан ыңғайлы өту және мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады, қозғалыс жолағы 2-ден 6-ға дейін кеңейтіледі, өткізу қабілетін 8 есеге ұлғайтады және тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің барлық циклін автоматтандыру арқылы шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартады.

​Кедендік ресімдеуді жетілдіру және оңайлату шеңберінде 2024 жылы жаңа «КЕДЕН» ақпараттық жүйесіне көшу, жасанды интеллект ТБЖ-да пайдалануды кеңейту жоспарлануда, сондай-ақ қолда бар ыңғайлы сервистерден басқа қосымша әмбебап сервистер іске асырылатын болады.​

​Жүйе тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырудың бүкіл бизнес процесін барынша цифрландыруға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделіне көшуге, түсінікті, болжанатын кедендік саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді.​

Жоғарыда аталған барлық шаралар өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді, сонымен 2024 жылы қаңтар айында ғана үшінші елдермен (Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан)шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы 89 мыңнан астам автокөлік құралдары өтті (ҚР-ға – 50 335 АКҚ, ҚР-дан – 39 330 АКҚ).

Сонымен бірге, 2023 жылы 1 млн. астам автокөлік құралдары жүріп өткен (ҚР-ға – 579 263 АКҚ; ҚР-дан – 451 293 АКҚ).

2022 жылы 639 мыңнан астам астам автокөлік құралдары жүріп өткен (ҚР-ға – 340 499 АКҚ; ҚР-дан – 299 086 АКҚ).

Осылайша, өткізу қабілетінің ұлғаюы 61% құрайды.

2023 жылғы 24 қарашадан бастап ҚХР-мен шекарадағы ең ірі «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

Сонымен қатар, баяндаманы қорытындылай келе, жоғарыда аталған іс-шаралар кедендік төлемдер мен салықтардың төленуіне әсер еткенін атап өткім келеді.

Осылай, 2023 жылы бюджетке 4 081 млрд теңге түсті.

2022 жылы бюджетке 3 452,8 млрд теңгетүсті.

2021 жылы бюджетке 2 296,4 млрд теңгетүсті.