ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық қор - балаларға»: бағдарламасы 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда тақырыбында брифинг өткізілді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  «Ұлттық қор - балаларға»: бағдарламасы 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда тақырыбында брифинг өткізілді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық қор - балаларға»: бағдарламасы 2024 жылы басталып, қалай жүзеге асырылуда
тақырыбында брифинг өткізілді.

Спикерлер қатарында ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Арғынғазинов Айбол,
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Шәріпов Мұрат, «Электронды үкімет» департаменты директоры Оразов Әди қатысты.

А.Арғынғазинов өз сөзінде Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы қалыптасқан орташа инвестициялық кірісінің мәні 695 519 269 АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100,52 АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы салым түсіп, 304 815 бала осы қаражатты 2024 жылы пайдалана алатынын баяндады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалғанын атап өтті.

Конференция барысында «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Шәріпов Мұрат сөз сөйледі.

Қорытындылай келе спикерлер БАҚ тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.