Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (САлық кодексінің 227-1 бабы)

Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі бойынша  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (САлық кодексінің 227-1 бабы)

          Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі   (Салық кодексі) 227-1 бабына сәйкес,  Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен айқындалады. 

           Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жеке және заңды тұлғалармен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялауға қызмет көрсету туралы келісім-шарт (бұдан әрі – Келісім шарт) жасайды.

          Келісім-шартқа отырған тұлғалар туралы және цифрлық активтердің құны туралы мәліметтер жариялануы жүзеге асырылатын интернет-ресурсқа сілтемені Комитет өзінің интернет-ресурсында жариялайды. 

           Келісім-шарт жасаған тұлға осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді оған тиесілі интернет-ресурста айсайын келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей жариялайды.

           Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтердің құны жариялануға жатады.

          Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі уәкілетті органмен цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде өтініш түскен соң 2-айдан кешіктірмей толықтырылады.

           Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларының жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында 2024 жылғы 9 – 23 ақпан аралығында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14933676).