Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазынашылық Комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазынашылық Комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйледі

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Макежанов Сұлтанбек, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Такиев Мәди, ҚР жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тенгебаев Ардақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеу институтының директоры Көшербаева Айгүл, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жылқышиева Жазира, сондай-ақ ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы Әбішев Мәди қатысты.

Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат баяндама жасап, мемлекеттік Қазынашылықты дамытудың өзекті аспектілері туралы айтты.

30 жылдығы аясында комитет қабырғасында ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, қазынашылық саласындағы еңбегі үшін мерейтойлық наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.