
Салық заңнамасындағы нормалардың өзгеруін түсіндіру мақсатында ҚР Қаржы Министрлігі Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 23 қаңтардан бастап көшпелі семинарлар өткізе бастады.
Семинарлар Федоров, Қарабалық, Қостанай және Алтынсарин аудандарында өткізілді, оған 500-ден астам салық төлеуші қатысты.
Семинарлар облыстың әр өңірінде 15 ақпанға дейін жалғасады.
Заңнаманың өзгеруіне, жалпыға бірдей декларациялауға, мобильді аударымдарға, зейнетақымен қамсыздандыруға және т. б. байланысты өзекті мәселелер қаралды.