Мемлекет басшысының Өкімімен Ашуев Айдын Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ашуев Айдын Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған, әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.