«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр  бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі - Жоба) «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына және «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Жоба «Мемлекеттік аппараттың қызметін төрешілдік ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 13.04.22 жылғы № 872 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында, «Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 9-1-Н нұсқамасын және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 11-7-Н нұсқамасын орындау мақсатында, Әлеуметтік және Бюджет кодекстеріне сәйкес келтіру мақсатында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамамен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.