«Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыс жайларын салу» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыс жайларын салу» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес ««Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын салу» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленген.  

Жобаның мақсаты Еуропа Қайта Құру және Даму банкіне «Aqtobe-su-energy-group» акционерлік қоғамының 47 674 663 000 (қырық жеті миллиард алты жүз жетпіс төрт миллион алты жүз алпыс үш мың) теңгеге дейін сомада тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде «Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын салу» жобасы бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру.