ҚР Қаржы министрлігі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі ақпаратты ұсынады

ҚР Қаржы министрлігі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі ақпаратты ұсынады

1. Декларация толтырылғанға дейін сіз келесі сайттарға өз бетіңізше өтіп, декларациялауға жататын Қазақстандағы жекелеген мәліметтердің дұрыстығын тексере аласыз:

1) Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru
3) зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) қарыз шарттары бойынша осы жадынамаға қоса берілген нысанға сәйкес Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу қажет.

Егер сіз мәліметтердің дұрыстығымен келіспесеңіз тікелей уәкілетті органға хабарласуыңыз қажет:
бағалы қағаздар бойынша - «бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (тел. 8 777 780 66 43, ccmail@kacd.kz);

үлестік қатысу бойынша – ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (тел. 8 (7172) 57 61 50, 57 64 79, 57 64 71, «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);

зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық бойынша-ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (тел. 8 (7172) 621511, 8 (7172) 621514, kazpatent@kazpatent.kz);

сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (kence_nao@gov4c.kz, 1414);

қарыз шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палата (тел. 8 (7172) 50 88 26, 8 (7172) 50 88 34).

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз.

QR кодын сканерлеңіз, сіз декларацияны толтыру бойынша бейне нұсқауларға, сондай-ақ жалпыға бірдей декларация бойынша көптеген басқа сұрақтарға жауаптарға қол жеткізе аласыз.