ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2019 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары

 ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2019 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындылары

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Салық және кеден дауларын сотқа дейін реттеу жөніндегі аппеляциялық комиссия 2019 жылдың 1 тоқсанында 6 отырыс өткізілді, онда салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға 50 шағым қаралды.

 

9 тексерістің (18%) нәтижелері бойынша салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қолданды және толық немесе бір бөлігі ішінара жойылды.

Апелляциялық комиссиямен қабылданған  шешімдерге сенімділік және айқындық дәрежесін көтеру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 240 шешім орналастырылды.

Аппеляциялық комиссияның 2018 жылғы жұмыс қорытындылары ағымдағы жылғы ақпан айында Мемлекеттік қаржы-қаражат жөніндегі Қаржы министрлігі қоғамдық кеңестің отырысында тыңдалды.