Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшелерін аккредиттеу жүргізілетіні туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы сәйкес Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сараптамалық кеңесінің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуге қатысуға өтінімдер тиісті құжаттарымен бірге осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мынадай мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, (№ 4 кіреберіс), 224 кабинет.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 75-04-81, 74-94-74.