«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі бұйрығының жобасына Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұл жоба «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 425 бұйрығын іске асыру шеңберінде, оған сәйкес Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына өзгерістер енгізілді.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 5 қаңтарда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін.