Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріның 2023 жалғы 28 желтоқсандығы № 3113 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2023 жылғы
20 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ЭШФ АЖ-да тіркеу және ЭШФ беру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты іске асырылады.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – «жалған» тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілердің жалған ЭШФ пайдалануын және беруін болдырмау үшін ЭШФ беру кезінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалану.

Пилоттық жобаның шеңберінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек дербес деректер субъектісінің жазбаша нысанында келісімі болған кезде ғана өңделетін пилоттық жобаға қатысушыны сәйкестендіру үшін биометриялық деректерді (цифрлық фотосурет) пайдалану көзделініп отыр.

Пилоттық жобаға ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып ЭШФ АЖ-да тіркелген тұлға қатысады.

ЭШФ АЖ шаруашылық жүргізуші субъектінің не жеке тұлғаның басшысы туралы деректердің уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректерімен және Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «цифрлық бейін» платформасында ЭШФ АЖ тіркеу ЭШФ жазып беру кезінде пайдаланушының биометриялық деректерінің түпнұсқалығы бөлігінде орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы
28 желтоқсанда № 33832 мемлекеттік тіркеуден өтті.