Мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесін жетілдіру

Мемлекеттік сатып алудың  электрондық жүйесін жетілдіру

Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының бірінші заңын қабылдаудан бастап 1997 жылдан бастау алады.

Заңның бастапқы нұсқасында 30 бап және сатып алудың 2 тәсілі – конкурс және бір көзден алу көзделген.

Электрондық үкіметті қалыптастыру шеңберінде «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесі құрылды, ол 2007 жылы тәжірибелік пайдалануға енгізілді, ал 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу порталы енгізілді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүйесінде жаңа кезең басталды.

Қабылданған Заң осы процестің жоспарлаудан бастап шарттық міндеттемелерді орындауға дейінгі электрондық форматқа толық көшуін көздейді (мемлекеттік сатып алудың электрондық жылдық жоспарын бекіту, өнім берушіні таңдау процесін жүргізу, тараптардың мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы, электрондық актілерді ресімдеу).

Заңның негізгі мақсаттары мемлекеттік сатып алуды оңайлату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін арттыру, бір көзден сатып алу үлесін қысқарту болып табылады.

Енгізілген түзетулер осы салада, оның ішінде:

- кәсіпкерліктің дамуына және тұтастай ел экономикасына әсер ететін мемлекеттік сатып алуға қатысушылар санының артуы;

- осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін процестің айқындылығы мен ашықтығы;

- даулы мәселелерді неғұрлым қысқа мерзімде сотқа дейін қарауға және олар бойынша қатысушылардың құқықтарын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі реттеу шеңберінде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау кезеңінен бастап шарт жасасу кезеңіне дейін электрондық шағымдану рәсімдерін енгізу;

- қатысушылардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыру;

- адал бәсекелестікті ұлғайта отырып, бір көзден сатып алуды қысқарту бөлігінде оң әсерін көрсетті.

Заң қабылданғаннан бері 9 жыл өтті. Осы кезең ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесінде сатып алу процесіне және өнім берушінің таңдауына әсер еткен бірқатар маңызды тұжырымдамалық инновациялар енгізілді.

Мәселен, олардың бірі жасырын активтер мен айналымдарды көлеңкелі экономикадан шығаруға алып келетін қаржылық тұрақтылық болып табылады.

Құрылыс нарығын монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту мақсатында аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі конкурстық ұсынысқа әсер ететін өлшемшарттар енгізілді:

- жұмыстарды орындау орнында тіркелген өнім берушілерге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

- ағымдағы жылы жасалған орындалу үстіндегі әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы алынады.

Бұдан басқа, бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған және сатып алуды іс жүзінде онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен, бұрын орташа ұзақтығы 1,5 айды құраған сатып алу рәсімдерінің мерзімдерін жеңілдету және 30 күнге дейін қысқарту мақсатында енгізілген негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелер негізінде автоматты режимде жеңімпазды анықтауды көздейтін рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс сияқты сатып алудың жаңа тәсілдері (қаржылық тұрақтылық, эл.депозитарий) енгізілді. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жаңа сапалы жүйесін құру қажет. Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің төмен бағасына емес, керісінше сапасына басымдық берілуі тиіс.

Осы тапсырманы іске асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Заң жобасы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге, ең төменгі баға емес, сапа басымдығын белгілеуге, сондай-ақ барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына ауыстыруға бағытталған.

Сондай-ақ, заң жобасы шағымдарды қараудың жаңа тетігін және қоғамдық мониторинг институтын, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулерді енгізуді көздейді.