
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Апелляциялық комиссияның негізгі функциялары:
- мемлекеттік аудит объектілерінің аудиторлық есепке, сондай-ақ қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қарсылықтарын;
- ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарын;
- ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау болып табылады.
Апелляциялық комиссия 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 78 отырыс өткізіп, мемлекеттік аудит объектілерінің 1231 қарсылықтары мен шағымдарын қарады, оның ішінде:
- қарсылықты қанағаттандырудан бас тартылды - 804 (65%);
- қанағаттандырылды - 296 (24%);
- ішінара қанағаттандырылды -131 (11%).
Туындаған мәселелерді жүйелі шешу және әрекет ету актілерінің сапасын жақсарту мақсатында апелляциялық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілеріне жол бермеу туралы шаралар қабылдау туралы тұрақты негізде ұсынымдар шығарады.