
Ол осы лауазымда 2020 жылдың ақпан айынан бастап қызмет етіп келеді. Департаментте әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. 2016-2020 жылдары Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бас маман, кейін бөлім басшысы лауазымында еңбек еткен.
Аз уақыт аралығында ол өзінің кәсіби деңгейі мен жоғары орындаушылық қабілетін көрсете білді. Білімді, білікті, адал қызметкер лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен атқарды. Мінсіз мемлекеттік қызметі, жүйелі ойлауы, ақпаратты құра білуі және еліміздің қаржы жүйесінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен және ҚР Қаржы министрлігінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.