Салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Қызылорда облысы бойынша МКД басшының орынбасары Е.Елшібеков бүгін «Qyzylorda TV телеарнасының «Елге Қызмет» бағдарламасында «Салық төлеушілерге Кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер»тақырыбында сұхбат берді

Сұхбат барысында автоматтандырылған қызметтер, декларацияның екінші кезеңі аясындағы жұмыстар,үшінші кезең туралы ақпарат, аймақтағы жеке тұлғалардың салықтық берешектеріне тоқталып өтті. Қазіргі таңда Департаментпен және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларымен 24 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Автоматтандырылған қызмет түрі – 22 немесе 91,6% құрап отыр.

2023 жылы 2 кезеңде 121 933 жеке тұлғаға 250.00 нысанды декларацияны табыс ету міндеттілігі туындаса, оның ішінде 115 575 тұлға табыс еткен. Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған декларацияны тапсыруға заңды тұлғаның басшылары (жұбайлары)  және құрылтайшылары (жұбайлары) міндетті.