
Б.Тұяқов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында, Көкшетау қаласында Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесті.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Ақмола облысының Бурабай және Ақкөл аудандарында болып, Мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне дәріс оқып, жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізді.