«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің және Wildberries, Ozon сияқты ірі сауда алаңдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Кездесу кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды құруға бағытталды, ол маркетплейстермен жұмыс істеу кезінде салық мәселелерін түсіндіру арқылы жүзеге асырылды.

Іс-шара аясында арнайы салық режимдерін пайдаланатын және электрондық сауда алаңы арқылы электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылатын пилоттық жоба қаралды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жобаның негізгі идеясы салықтық әкімшілендіруге клиентке бағытталған көзқарасты қалыптастыру екенін айтты.

Сонымен қатар, салық жүктемесін барлық салық кезеңіне біркелкі бөлу арқылы кәсіпкердің қателіктерге жол бермеу және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мүмкіндігі анықталды.

Бұл пилоттық жоба Қазақстан Республикасында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылып жатқаны және 2024 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда әрекет ететіні белгілі болды.