
Сатылған, қайта ұйымдастыруға және таратуға бағытталған объектілерді қоса алғанда Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы (сауда-саттықта тұрғандарды есепке алғанда) 96,8%-ды құрайды. Жекешелендірудің екінші толқыны толық аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектордағы 62 объектіні сатуы қалды, олардың 34-і саудаға қойылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - мемлекеттің экономикадағы үлесін жалпы ішкі өнімге шаққанда 15% -ға қысқарту.
Осы міндетті шешу шеңберінде мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордағы 863 компанияны жекешелендіру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асырудың төрт жылында 503 объекті сатылды, бұл экономикадағы мемлекеттің үлесін жалпы ішкі өнімге шаққанда 16,2%-ға дейін қысқартты. Мемлекет кірісіне 534,1 млрд теңге түсті.
Егер объект үш рет сатуға қойылған болса, бірақ сатып алушылар оған қызығушылық білдірмесе, ол қайта ұйымдастыруға және/немесе таратуға жіберіледі. 2016 жылдан 2020 жылға дейін 220 компания мен кәсіпорын осындай қатарда. Тағы да 78 ұйым осы кезеңнен өтуде.
Бұл ретте үкімет жекешелендіруге жататын ұйымдардың тізбесін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Жұмыс тобы республикалық меншіктегі тағы да 35 ұйымды жекешелендіруге қоюды, оның ішінде «ҚазАгро», «Бәйтерек» ұлттық холдингтері және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атынан жасанды қондырманы алып тастап, 7 компанияны қосу жолымен 23 компанияны оңтайландыруды, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 6 компаниясын бәсекелі ортаға беруді, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 6 ұйымында жекелеген қызмет түрлерін қысқартуды ұсынды.
Анықтама ретінде:
Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде 503 нысан жекешелендірілді:
- 64,8 млрд теңгеге республикалық меншіктен 53;
- 63,8 млрд теңгеге коммуналдық меншіктен 251;
- ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың меншігінен 398,2 млрд теңгеге 103;
- 7,3 млрд. теңгеге ӘКК 96 объектісі.