«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы талқыланды

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы талқыланды

Бүгін «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның алаңында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті.

Отырыс барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасының жаңа тәсілдемелері айтылып, мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысы таныстырылды.

Талқылау шеңберінде Қоғамдық палата мүшелерімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасына ұсыныстар берілді.