Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұловтың Парламент Сенатының 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі пленарлық отырысындағы баяндамасы

Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұловтың Парламент Сенатының 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі пленарлық отырысындағы баяндамасы

    Сіздерге 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы қарауға ұсынылып отыр.

Заң жобасы Елбасының «Нұр Отан» партиясының он сегізінші съезінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін маңызды әлеуметтік шараларды қаржылық бекітуге және Қазақстанды дамытуға бағытталған.  

Республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамы 821 млрд. теңгеге ұлғайып, 10 569 млрд. теңгені құрайды, ол мыналардың есебінен жүргізіледі:

кедендік әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде 200 млрд. теңге сомасында қосымша кірістер;

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд. теңгеге ұлғайту;

тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан 
370 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт тарту.

2019 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 
1 206 млрд. теңгеге ұлғая отырып, нақтылаудың нәтижесінде 
11 933 млрд. теңгені құрайды.

Бюджетті нақтылаудың негізгі бағыты Президенттің «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру болып табылады, оларға ағымдағы жылы 481,3 млрд.теңге бөлінеді. Олар мынадай іс-шаралар бойынша:

Бірінші. 2019 жылға 261,3 млрд. теңге шығыстар –азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге жіберіледі.

Екінші. Нұрлы Жер бағдарламасы аясында 100 млрд. теңге шығыстар - аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталады.

Үшінші. 90 млрд. теңге шығыстар - өңірлік инфрақұрылымды дамытуға арналады, олар жергілікті жолдар желісін дамытуға, сумен жабдықтауға, су бұру мен су шаруашылығына, газбен жабдықтау мен электр энергетикасына бағытталады.

Жаңа бағыт бойынша – ірі қалалардың шет аймағының проблемаларын шешуге ағымдағы жылы 30 млрд.теңге бөлінетін болады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының қала маңындағы ауылдарына – 15,0 млрд. теңге, Алматы қаласына – 10 млрд. теңге және Шымкент қаласына – 5 млрд. теңгебөлінеді.

Төртінші. 2019 жылға арналған 30 млрд. теңге шығыстар - «Ауыл – Ел бесігі» жаңа арнайы жобасын іске асыруға бағытталады.

Нақтыланған бюджет жобасында қаржы жағынан қамтамасыз ету көзделіп отырған іс-шаралардың келесі маңызды блогы – бұл «Жастар жылы». Осы бағыт бойынша республикалық бюджеттен қосымша 24,6 млрд. теңге бөлінетін болады, оның ішінде:

10,7 млрд. теңге шығыстар - жастарды оқыту, гранттар беру және алған кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу арқылы жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталады.

8,0 млрд. теңге шығыстар - «Жас маман» жобасы аясында 180 колледжді жаңғыртуға жұмсалады.

Келесі бағыт – бұл «Қазақстан инвестициялық даму қоры» тікелей инвестициялар қорын құру болып табылады.

Қор шикізаттық емес секторда шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу принципімен ірі серпінді жобаларды іске асыру үшін құрылады. Өңдеу өнеркәсібінде, агроөнеркәсіптік кешенде, инновациялық секторда және инфрақұрылымды (энергетика, көлік, логистика, туризм) дамытуда Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы өңірлерге берілетін нысаналы трансферттердің жалпы көлемі 1 593,2 млрд.теңгенінемесе шығыстардың жалпы көлемінің 13,4%-ын, ал субвенцияларды есепке алғанда 26,6%-ды құрайды.

Республикалық бюджет шығыстарының әлеуметтік блогы жалпы алғанда 358,7 млрд.теңгеге ұлғайтылды және 5 190 млрд. теңгені немесе шығыстардың жалпы көлеміне 43,5%-ды және жалпы ішкі өнімнің 8,1%-ын құрайды.

Бюджетті нақтылау нәтижесінде нақты секторда шығыстар 313,9 млрд.теңгеге өсті, ол 2 173 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, олардың көпшілігі әлеуметтік сипатқа ие және біздің азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған.

Жоғарыда аталған міндеттердің кең ауқымын іске асыру үшін бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюымен қатар, жалпы сомасы 102,1 млрд.теңге шығыстарды оңтайландыру да жүргізілді.