
Ырықтандыру жоспарына сәйкес мүлікті бағалау жөніндегі бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі 2025 жылғы 1 қаңтарда басталады (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 11.12.2020 жылғы № 19 шешімі).
ЖЕЭК 10.12.2021 жылғы № 23 шешімімен қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер (бұдан әрі – Жалпы тәсілдер) бекітілді.
Осыған байланысты, Жалпы тәсілдер негізінде 2025 жылы қызметтердің бірыңғай нарығын (ҚБН) уақтылы ашуды қамтамасыз ету үшін Министрлік кедергісіз, алып қоюсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз ҚБН-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормаларды бағалау қызметі туралы ҚР заңнамасына имплементациялауды жүзеге асырады.
Осылайша, Министрлікпен 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілер орналастырылған интернет-порталда (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14848962) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеуші саясаттың консультативтік құжаты әзірленді.
Консультативтік құжат жалпы тәсілдерді имплементациялау жөніндегі мәселелерді қамтиды және кедергілерсіз, алып қоюсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз ҚБН-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бағалаушылар, бағалаушылар палаталары және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган үшін міндеттерді көздейді.
Сондай-ақ, Консультативтік құжат 2022 жылы реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша бағалау қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру шешімдерін ұсынады.
Жауапты тұлғалардың байланыс телефондары:
Кадырова Ф.З., 74-90-42 – f.kadyrova@minfin.gov.kz, А.М Манабаева., 74-94-82 – a.manabaeva@minfin.gov.kz.